Ақпараттарды пайдалану шарттары

NL International орыс тілді ресми сайттарында жарияланған ақпараттарды пайдалану шарттары

1. Ресми ресурстар тізімі

Компанияның ресми сайттарына төмендегі мекенжайларда орналасқан ресурстар жатады:

NL International сауда маркалары атап өтілетін барлық орыс тілді өзге сайттарға компанияның ешқандай қатысы жоқ.

Сондай-ақ компанияның әлеуметтік желілерде ресми парақшалары бар, онда ресми сайттардың ақпараттары да (жаңалықтар, презентациялар), эксклюзивті хабарламалар да жарияланады:

iOS және Android-қа арналған NL Store қосымшасы

iOS және Android-қа арналған NL Reader қосымшасы

iOS және Android-қа арналған табысты кәсіпкерліктің үлгісі

2. Ақпараттар мен сауда белгілеріне берілетін құқықтар туралы

NL International орыс тілді ресми сайттарында және әлеуметтік желі парақшаларында жарияланған ақпараттардың иесі «НЛ Континент» ЖШҚ, Ресей және ТМД елдеріндегі NL International басқарушы компаниясы болып табылады. Барлық контент – мәтіндер, иллюстрациялар, видео мен сайттардың дизайны, Ресей Федерациясының Азаматтық кодексімен қорғалады. Контенттен бөлек, компанияның тауар белгілері де – «NL International» атауынан бастап барлық өнімдердің атауларына дейін заңмен қорғалады.

Ресей Федерациясының Азаматтық кодексі, төртінші бөлім

VII бөлім. Зияткерлік қызмет нәтижелері мен даралау құралдарына берілетін құқықтар

3. Сайттардан қандай ақпараттарды алуға болады, және оны қалай алған дұрыс

Компания кез келген адамның пайдалануына болатын өзіне тиесілі материалдарды қолданудың бірнеше тәсілін ұсынады.

4. Интернет-дүкендердің иелеріне арналған ақпарат

NL International өнімдерін ресми nlstar.com дүкенінен басқа бөгде интернет-дүкендерге сатуға Компанияның стандарттарының негізінде тыйым салынған. Компания тарапынан интернет-дүкендерге компанияға тиесілі кез келген контентті, соның ішінде Интернетте жарияланған контентті пайдалануға рұқсат етілмейді. Мұндай шаралар NL International компаниясының беделін қорғау саясатының бір тармағы болып табылады.

Сіздің тұрғылықты жеріңіз